Хостинг, VPS әлде Dedicated Server? Қайсысын таңдаған дұрыс?
Ортақ пәтер ме, әлде жеке үй ме? Серверлік инфрақұрылымның айырмашылығы қарапайым тілмен.
Мақала мазмұны:
Сайтыңызды интернетке шығару үшін "тұратын жер" керек. Оның үш негізгі түрі бар:
1. Shared Hosting (Ортақ хостинг)
Бұл — Общага немесе Ортақ пәтер сияқты. Бір серверде жүздеген сайт тұрады және олар ресурстарды (процессор, жады) ортақ қолданады. Егер көрші сайтқа салмақ түссе, сіздің сайтыңыз баяулауы мүмкін. Кімге: шағын визитка сайттар, жаңа бастаған блогтар.
2. VPS (Virtual Private Server)
Бұл — Таунхаус немесе Жеке пәтер. Бір ғимаратта (серверде) тұрсаңыз да, сіздің жеке қабырғаңыз, жеке ресурстарыңыз бар. Көршілер сізге кедергі жасамайды. Кімге: интернет-дүкендер, орта бизнес сайттары, трафигі жоғары жобалар.
3. Dedicated Server (Жеке сервер)
Бұл — Жеке үй. Барлық сервер тек сізге тиесілі. Толық бақылау мен максималды жылдамдық. Кімге: ірі порталдар, банк жүйелері, үлкен корпорациялар.



